Өлтірілген еврейлер майынан жасалған сабынды жерледі
Өлтірілген еврейлер майынан жасалған сабынды жерледі
2 жыл бұрын 1486 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Әлеуметтік желіде жерлеу рәсімі мен жер қойнына тапсырылатын сабынның фото-суреті пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемжелідегі, дәлірегі, Телеграмдағы «Еврейлерде не болып жатыр?» арнасында жарияланған хабарға қарағанда, оны соғыс жүріп жатқан Украинадағы босқын Израилге өзімен бірге ала келген. Ерекше жерлеу жөн-жоралғысы Құдыстағы мазарда өткен. Бұл өзгеше шараны «Хевра Кадиша» деп аталатын ұйым өткізген. Сабын сонау әлемге әйгілі, «Холокост» деген атпен тарихта қалған қанды қасап кезінде өлген еврейлер майынан жасалған. («Холокост» деген сөз грек ті­лі­нен аударғанда оттың көмегімен құр­бандыққа шалу деген ма­ғы­на­ны білдіреді. Негізінде бұл сөз 1933-1945 жылдар арасында Гит­лер­дің билік басына келуімен фа­шис­тердің 6 миллион жебірейдің (Еуропа жебірейлерінің 60 па­йы­зы) көзін жойғанымен байланыс­ты айтылады. Тұңғыш рет «хо­ло­кост» термині АҚШ баспасөзінде 1960 жылдары Освенцим кре­ма­торийіне байланысты қолданыл­ған – Уикипедия электронды анықтамадан). «Еврей дәстүрі бойынша сабын адам сүйектерінен жасалғандықтан көміп, каддиша оқу әдетке айналған», - деп жазды арна әкімшілері.

0 пікір
Мұрағат