Әлемде тұңғыш рет 100% сутегімен жұмыс істейтін турбин іске қосылды
Әлемде тұңғыш рет 100% сутегімен жұмыс істейтін турбин іске қосылды
2 жыл бұрын 1116 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Норвегиядағы Ставангер университетінің ғалымдары 100% сутегімен жұмыс істейтін әлем бойынша алғашқы шағын газды турбин қондырғысын пайдалануға көшті. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталан жоғарғы оқу орнының сайтына жөн сілтеген hightech.fm ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Турбин Норвегияның оңтүстік-батысында орын тепкен, университ басқаратын зауытта орналасқан. Ол жылу өндірісі үшін де, электр қуатының өндірісі үшін де пайдаланылады. Газ турбиналары барлық жерде – электр станцияларында, ұшақтарда, сорғыларда және кемелерде қолданылады. Олар әртүрлі отынмен жұмыс істей алады, бірақ, қазір олардың 90% жуығы қазбалы табиғи газды пайдаланады. Ғалымдар бұл тарапта құрал-жабдықтың көп бөлігін ауыстырмай-ақ сутегі отынына көшу мүмкіндігіне назар аударған екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл үшін қолданыстағы газ инфрақұрылымын және энергияны түрлендірудің жаңа технологиясын, яғни, турбиналық технологияның өзін бейімдеу қажет. Ғалымдар таза энергияның максималды мөлшерін өндіру мақсатында қуаттылықты қалай арттыруға болатынын анықтау үшін сутегі отынына ауысқаннан кейін зауыттың жұмысын зерттеуді жалғастырады.

Норвежцы запустили первую в мире газовую турбину на чистом водороде — она  абсолютно не производит выбросов

0 пікір
Мұрағат