Нью-Йоркте қытайдың құпия полиция бөлімшесі әшкере болды
Нью-Йоркте қытайдың құпия полиция бөлімшесі әшкере болды
1 жыл бұрын 1017 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі әлемдегі аса ірі мегаполистердің бірінен саналатын Нью-Йоркте Қытайдың құпия полиция бөлімшесін тауып, оның екі адамын тұтқындады. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Олар қытайдың ресми құжаттарды рәсімдеп, қытай үкіметі атынан қызмет көрсеткен әрі АҚШ-ты паналаған қытай диссиденттерін  (мемлекеттік идеологиямен келіспей, ресми билікке қарсы шыққан адам) қуғындауға атсалысқан. Күдіктілер «Қытай үкіметінің ұлттық полиция атынан» Манхэттендегі Чинатаун ​​қаласында полиция бөлімшесін құру үшін бірге жұмыс істеген. Бұл қытай полициясының бөлімшесі 2022 жылдың ақпан айынан бері жұмыс істеп келген. Нью-Йорк шығыс округінің прокуроры Бреон Пис Қытайдың 34 полиция қызметкеріне айып тағылғанын жеткізді. Ал АҚШ Әділет министрлігі 44 адамға айып тағып отыр. АҚШ әділет министрлігінің ұлттық қауіпсіздік бөлімінің бас прокурорының көмекшісі Мэтью Дж. Олсеннің айтуынша, қытай билігі өзінің репрессиялық аппараты арқылы демократиялық елде саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды қудалау саясатын жалғастырып келген. Егер олардың айыбы дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Қытайдың мұндай жасырын полиция бөлімшесі Нидерланды аумағынан да табылған болатын. Құқық қорғаушылар әлем бойынша қытайдың жасырын полициясы қызмет ететінін алға тартып отыр. 

Испанияның Safeguard Defenders үкіметтік емес ұйымның бұл тарапта «Қытайдың трансұлттық полициясының қызметі" туралы баяндамасы да жасалған. Онда әлемнің 21 елінде қытайдың құпия полициясы жұмыс істейтіні келтірілген. 

Уикипедия электронды энциклопедиядан:

Chinatown (ағыл. Чайна-таун — «қытай қаласы»; (қыт. жеңілдетілген 唐人街, палл.Танженьцзе, сөзбе-сөз аудармасы: «тан әулетінен шыққан адамдардың көшесі») — Қытайда орналаспаған қалалардағы қытайлар тұратын махаллалар (орыс. «квартал»); сауда, туризм және қытай мәдениетінің орталықтары. Сонымен қатар қытай махаллаларында қытай этникалық қылмыстық топтарға қатысты мәселелер туындап тұрады. Ескі (200 жылдық) қытай махаллалар Нагасаки мен Бангкокте орналасқан.

Азия шегінен тысқары ең ескі чайна-таун Сан-Францискода орналасқан (1850 жылы салынған). Жаңалау қытай махаллалар МельбурнЛас-ВегасЛондонПариж және Сеул қалаларында орналасқан.

 

0 пікір
Мұрағат