Экономикасы тұралаған ел маймылдар есебінен күнкөргісі келеді
Экономикасы тұралаған ел маймылдар есебінен күнкөргісі келеді
1 жыл бұрын 1357 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Үнді мұхитындағы Шри-Ланка арал мемлекеті туризмнен және өзге де кіріс көздерінен түсетін табыс әлеуметтік, денсаулық сақтау, қорғаныс, білім беру, т.б. шығындарын жабуға жеткіліксіз болғандықтан қолында барын сатуға көшті. Атап айтқанда, Қытайға басындағы түгі кигізіп қойған тәжге ұқсайтындықтан қалпақты маймыл аталып кеткен макакалардың 100 мыңын сатуды көздеп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Kronen Zeitung ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Макака аталған арал елде кеңінен тараған. Соған қарамастан Бүкіл әлемдік жануарларды қорғау ұйымы (IUCN) маймылдың бұл түрін жойылу алдында тұрған түрге жатқызған. Шри-Ланканың ауыл шаруашылық министрі Махинда Амарабира Қытайда 1 мыңнан аса хайуанаттар бағы барын алдыға тартып, Қытай билігіне тиісті ұсыныс жасауға жауапты комитет құрылып жатқанын мәлімдеді. Десе де мәлімдемеде бұл ерекше мәміленің қаржылық ауқымы айтылмады. Шри-Ланка тірі жануарларды экспорттауға тыйым саллған елдердің бірі. Алайда, соңғы жылдары етектен тартқан экономикалық дағдарыстан бұл тыйымды бұзуға мәжбүр болып отыр. Шри-Ланкада маймылдар мемлекет қорғауында емес, өйткені, маймылдар егістікті бүлдіретіндіктен әрі адамдарға жиі шабуыл жасайтындықтан зиянкес жануар санатында. Тіпті, фермерлерге шаруаларына зиян келтірген маймылдарды атуға рұқсат беріп отыр. Шри-Ланканың экологиялық қорының жануарлар құқығын қорғау белсенділері ел билігінің бұл қадамын сынға алып, наразылық білдіруде. Олардың айтуынша, соңғы 40 жылда макакалардың санағы жүргізілмеген, ресми түрде 3 млн-ға тарта макака бар деп айтылғанымен, бұл дерекке сенбейді.

Уикипедия электронды энциклопедиядан:  Жер аумағы 65,6 мың км². Халқы 43%-ы миллион адам (2001). Тұрғындарының 57%-ы сингалдар, 18%-ы тамилдер, қалғандары маврлар (арабтардың ұрпақтары), бюргерлер, веддалар, малаялықтар, еуропалықтар (негізінен ағылшындар). Ресми тілдері сингал, тамил, ағылшын тілдері. Діні – буддизм (70%), индуизм (15%), христиан (8%), ислам (7%). 

Шри-Ланка – аграрлы ел. Экономиканың негізгі саласы – ауыл шаруашығы Шай ш. дамыған (әлемде шай өндіруден 4-орын алады). Табиғи каучук өндіріледі. Какао, бұрыш, кардомон өнімдерінің экспорттық маңызы зор. Басты азық-түлік дақылдары: күріш, тары, жүгері, бұршақ, батат, кокос жаңғағы. Сонымен қатар тары, жеміс-жидек, қант қамысы, темекі, т.б. өсіріледі. Мал шаруашылығы онша дамымаған. Мүйізді ірі қара, буйвол, қой мен ешкі, үй құстары өсіріледі. Балық аулау мен теңіз кәсіпшілігі өркендеген. Елдегі 5 еркін сауда аймағында 150-ден астам кәсіпорын жұмыс істейді, олар негізінен тоқыма өнімдерін өндіріп, экспортқа шығарады. Өзендерінен электр энергиясы алынады. Тамақ және тұтыну тауарлар өндірісі, мұнай айыру, цемент з-ттары, мата тоқу, киім тігу және аяқ-киім ф-калары, металл өңдеу, т.б. өнеркәсіп орындары бар. Сыртқа шай, табиғи каучук, киім, кокос пальмасы өнімі, асыл тастар (негізінен сапфир) шығарады. Импортының негізін машиналар мен құрал-жабдықтар, мұнай, тамақ өнімдері, т.б. құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. шамамен 3700 АҚШ долл-на тең. Негізгі сауда серіктестері – АҚШЖапония, Ұлыбритания, ГерманияҚытай,ИранКорея Республикасы.

 

0 пікір
Мұрағат