Мұсылмандардың өздері халал жобасын қолдамады (фото)
Мұсылмандардың өздері халал жобасын қолдамады (фото)
3 жыл бұрын 1698 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей мұсылмандары моноконфессиалды жобаға «екі шоқып, бір қарап» отыр. Бұл арада Мәскеу қаласының түбінен анклавтың ашылуы турасында сөз болып отыр – бос жатқан жерде ішімдік ішуге, шылым шегуге, доңыз асырауға тыйым салынатын, яғни, шариғи талаптар басшылыққа алынатын, өз мешіті мен мектебі бар, «Аминовка» деп аталатын кент салу бастамасына ресейлік мұсылмандар өз көзқарасын білдірді. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресей ислам институтының ректоры әрі ислами білім беру жөніндегі кеңес жетекшісі Рафик Мұхаметшиннің айтуынша, белгілі бір уақыт жабық кеңістікте өмір сүрген балалардың, ерте ме, кеш пе, үлкен өмірге араласуына тура келетінін, олардың әлеуметтену (социализация, яғни, қоғаммен біте қайнасу) процесінде түрлі кедергілерді еңсеру кезінде наным-сенімі бөлек, өмір сүру салты да өздеріне ұқсамайтын ортаға үйрену қиындыққа соқтыратынын алға тартып отыр. Ал адам ненің жаман, ненің жақсы екенін өз көзімен көріп өсуі тиіс. Бұдан бөлек, мұсылмандар өздері өмір сүріп жатқан қоғамнан жасанды жолмен оқшаулануы ұрпақты жат әдеттерден сақтап қала алмайды. Ресейдегі есімі елге белгілі мұсылман қайраткерлерінің көбісінің пікірі осыған саяды. Бұдан бөлек, ресей қоғамы да үй ішінен үй тіккендей көрінетін мұндай бастамаға қырын қарайтыны әрі бөлектенген жамағатқа байланысты елдегі мұсылмандарға деген теріс көзқарас қалыптасатыны да айтылмай қалған жоқ. Ресейдегі мұсылмандар арасында танымал модельер Амина Шабанова тарапынан аталмыш бастама көтерілген кезде Ресей тергеу комитетінің жетекшіс Александр Бастрыкиннің нұсқауымен бұл жобаның қандай да бір сектамен немесе экстремизммен байланысы бар-жоғын анықтау мақсатында тексеру жүргізуге пәрмен берілген болатын.

За что травят экопоселение Аминовка в Подмосковье — Реальное время

Амина Шабанова 

Будущим мусульманским поселком заинтересовался глава СК Бастрыкин -  Газета.Ru

Будущим мусульманским поселком заинтересовался глава СК Бастрыкин -  Газета.Ru

Под Москвой появится халяльный поселок: Город: Среда обитания: Lenta.ru

0 пікір
Мұрағат