Мұсылман жыл адам атанған ең ықпалды әйел
Мұсылман жыл адам атанған ең ықпалды әйел
2 жыл бұрын 1510 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жыл сайын жарық көретін иорданиялық Muslim 500 мерзімді басылымы Танзания президенті Сәмия Сұлық-Хасанды мұсылман жыл адамы атады. Бұған Сәмия Сұлық-Хасанның мұсылмандар азшылықты құрайтын елде (аталған елдегі христиандар қарасы 60 %-ды құраса, ал мұсылмандар 30 %-дан аспайды – ред.) президент секілді ел тағдырына жауапты қызметті атқаратыны әрі мұсылмандар азшылықты құрайтын елде осындай жауапты қызметте жүріп басынан шариғат шәлісін тастамайтыны себеп болған. Бұл жайында islam.kz порталы Peoples Gazette ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұдан бөлек, ол Танзания экономикасының жекеменшік секторына инвестиция тартып, серпін бергені де ескерілген. Ол осы жылдың наурыз айында аталған африкалық елдің президенті болып сайланды. Сәмия Сұлық-Хасан мансап жолын 40 жасында бастаған. Осы жасында Занзибар аралының (аралдағы мұсылмандар қарасы 99% - ред.)палатадағы өкілі болып сайланды. Кейін министрлер кабинетінде лауазымды қызмет атқарды.

0 пікір
Мұрағат