|
Халқы мұсылман болғанымен байлық өзге наным-сенімдегілердің қолында қалған ел
|
Индонезияның бұрынғы вице-президенті Жүсіп Қала елдегі әр он байдың тек біреуі ғана мұсылман екенін мәлімдеді. Бұл жайында islam.kz порталы CNN Indonesia ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның айтуынша, елдегі табысы төмен әр 100 тұрғынның 90%-ы мұсылман. Индонезияның экс вице-президеті осындай деректерді келтіре отырып, аталған ел билігін ұлт экономикасын дамытуда мұсылмандардың да мүддесі ескерілуі керектігін ескертті. Халық саны бойынша әлемде Қытай, Үндістан, АҚШ-тан кейінгі орында тұрған Индонезия (270 млн-ға жуық) халқының 90 пайыздан астамын бүгінде мұсылмандар құрап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қарапайым киім индустриясы биыл жаңа белесті бағындырады
■
Индонезия әлемдік халал нарығындағы 2,6 миллиард доллар құрайтын үлесін ұлғайтуға ұмтылады
■
Араб елі келесі жылдан бастап импортталатын халал тауарларды бір шартпен қабылдамайды...
■
65 жастан асқан жүргізушілер екі жыл сайын медициналық тексеруден өтуі керек. Көлікті сатып жіберсеңіз де, айыппұл келе беретін болса не істеу керек
■
Халал сертификаттаудағы негізгі қиындықтар айтылды