Мобилді қосымша халал дәмханаларын табуға көмектеседі
Мобилді қосымша халал дәмханаларын табуға көмектеседі
10 жыл бұрын 4437

Жапонияның мұсылман жамағаты немесе күншығыс еліне барған мейман мұсылмандар ендігі жерде: «Қай жерде халал асхана бар?» - деп табандарынан таусылып, сандалмайтын болады. Ендігі жерде мұсылмандар Индонезия тумасының халал орындарды табуға көмектесетін мобилді қосымшасы арқылы іздегенін оңай табу мүмкіндігіне ие болды.

Белгілі болғандай, күншығыс елінің ас мәзірінде доңыз еті кездесетіндіктен жергілікті және мейман мұсылмандар үшін халал асхана табу мұң болатын. Жапонияға оқуға келген Кюсю «Памбуди» университетінің геоинженер факултетінің аспиранты халал асхана таппай қиналып, ақыры HalalMinds деп аталатын осындай қосымшаны ойлап тапқан еді.

Аталмыш қосымшаны мұсылмандар тегін пайдалана алады. Оның көмегімен халал асханалар мен дәмханаларды тауып қана қоймай, тағамның халал не харам екенін де анықтауға болады.

0 пікір
Мұрағат