Мемлекеттік Дума ерлерге арналған медициналық процедуралардың біріне тыйым салуға шақырды
Мемлекеттік Дума ерлерге арналған медициналық процедуралардың біріне тыйым салуға шақырды
4 ай бұрын 418 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Виталий Милонов. Фото: Дмитрий Духанин / Коммерсантъ

Виталий Милонов есімді Ресей Федерациясының мемлекеттік думасының депутаты Ресейде ерлерді зарарсыздандыруға (вазэктомия) тыйым салуға шақырды. Парламент өкілінің айтуынша, осылайша елдегі демографиялық мәселені шешуге болады. Саясаткер денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашкоға тиісті үндеу жолдады. Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Сондай-ақ, ол тек медициналық себептер бойынша әйелдерді ерікті түрде зарарсыздандыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Яғни, бала көтеруге денсаулығы жарамайтын әйелдерді ғана зарарсыздандыру керектігін тілге тиек етті. Осылай деген ол қазіргі уақытта зарарсыздандыру контрацепцияның, яғни, уақытша ұрпақ өрбіту қабілетін шектеудің бір әдісіне айналғанын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат