Еуропалық ғалымдар адамның терісін безеуден қорғайтын бактерия ойлап тапты
Еуропалық ғалымдар адамның терісін безеуден қорғайтын бактерия ойлап тапты
4 ай бұрын 413 inform.kz Еркежан Смағұлова

Еуропалық зерттеушілер адам терісін безеу және шаш фолликуласының қабынуымен байланысты басқа да тері бөртпелерінің пайда болуынан қорғайтын микробтардың жаңа штамын ойлап тапты. Kazinform бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.  

«Біз бөртпе мен безеулерді емдеуге жергілікті терапияны жасау үшін табиғаттың өзі ойлап тапқанын қолдандық. Біз теріміз қажет ететін молекулаларды тудыратын тері бактериясын түрлендірдік. Осындай әдіспен безеуді ғана емес, басқа да ауруларды емдеуге болады», - деді Барселонадағы Пумпеу Фабра атындағы испан университетінің ғылыми қызметкері Настасия Кнедльездер.

Еуропалық молекулярлық биологтар бұл микробтарды безеу мен бөртпелердің пайда болуына, өршуіне жол бермеу үшін жасауға болады деп болжайды. Ол үшін Cutibacterium acnes геномын осы микробтар май бездерінің белсенділігін төмендететін NGAL ақуызын өндіріп, қоршаған ортаға шығара бастайтындай етіп өзгерту керек. Нәтижесінде шаш фолликулаларының ішіндегі басқа микробтар айтарлықтай азаяды, ал ол өз кезегінде қабынудың дамуына жол бермейді.

Еркежан Смағұлова

0 пікір
Мұрағат