Ғалымдар тісті қайта өсірудің жолын тапты
Ғалымдар тісті қайта өсірудің жолын тапты
9 жыл бұрын 6900 ҚазАқпарат

Ғалымдар ересек адамдарда тісті қайтадан өсірудің жолын ойлап тапты. Айта кетейік, адамзат баласында тістің өмірінде екі-ақ рет қана өсетіні белгілі. Олар тәжірибені тұщы суды мекендейтін балықтарға жасап көрген. Зерттеу жұмысы Proceedings of the National Academy of Sciences журналында жарияланды, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты Lenta.ru порталына сілтеме жасай отырып.

Америкалық биологтар балықтардың эпителий ұлпасын зерттеген. Ғалымдар балықтың ұрығына химиялық ерітінді қосу арқылы ұлпалардың дамуын бақылады. Тіс жаңа туылған балықта бесінші-алтыншы күні-ақ пайда бола бастады. Мамандардың балыққа тіс өсіру тәжірибелері сәтті болып, тұщы суды мекендейтін балықтар тіске үйреніп кетті, яғни олардың ағзасы жаңа тісті қабылдады.

Биологтар балықтар мен адамдарда тіс жақ сүйегінен дамитын эпителий ұлпасынан өсетінін айтып отыр. Олар сондықтан да бұл әдісті адамдарға қолдануға болады деп есептейді. Дегенмен ғалымдар қан тамырлары мен жүйке жүйелерінің жаңа ағзаға қалай әсер ететінін де есепке алу керектігін ескертті.

0 пікір
Мұрағат