Латын Америкасы ядролық қарусыз әлемді қолдайды
Латын Америкасы ядролық қарусыз әлемді қолдайды
8 жыл бұрын 4461 24.kz

Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі Латын Америка үшін өте өзекті. Осы аймақтағы мемлекеттер 1968 жылы Латын Америка мен Кариб бассейнінде ядролық қаруға тыйым салатын келісімшартқа қол қойды. Манифесте қауіпті қарудан ада әлемдегі 6 аймақ көрсетіледі. Онда Латын Америкасы мен Африка, Австралия және Океания елдерін қамтыған, Антарктиданың оңтүстік аумағы бар. Одан кейін 10 жыл бұрын ядролық қарудан бас тартқан Орталық Азия бар. Оның ошағы Семей еді. Президент Нұрсұлтан Назарбаев ХХІ ғасырда соғысты түбімен жоятын бейбіт әлем құруға шақырып отыр. Коста-Риканың Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы тұрақты өкілі Хуан Карлос Мендоза-Гарсия «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін дер кезінде ұсынылған құжат» деп атады.   Хуан Карлос Мендоза-Гарсия, Коста-Риканың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі: - Әрине, Коста-Рика манифестегі бастамаларды қолдайды. Біз соғыссыз әлем құруға ниеттіміз және соған орай жұмыс істеп келеміз. Ядролық қарусыз әлем құруға қадамдар жасалып жатыр. Бұл – өте маңызды шара. Оның мақсаттарының бірі – бейбітшілікте өмір сүру. Халықтар арасында шиеленіс пен қақтығысты болдырмау үшін жағдай жасауға ұмтылып отырмыз. Қашан да әлемді бейбітшілікке шақырып отыру керек және мұндай насихат күшеюі керек, сондықтан бұл – өте өзекті құжат.

 

0 пікір
Мұрағат