Күдіктілерді телефондары арқылы аңдуға рұқсат беретін заң жобасы қабылданды
Күдіктілерді телефондары арқылы аңдуға рұқсат беретін заң жобасы қабылданды
10 ай бұрын 603 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Франция парламентінің төменгі палатасы полицияға кем дегенде бес жылға бас бостандығынан айыратын қылмысқа баруы мүмкін күдікті тұлғаларды ноутбук, смартфон, автокөлік құралдары арқылы ізін бағуға (аңдуға) рұқсат ететін заң жобасын қабылдады. Бұл заң өз кезегінде ендігі жерде полицияға күдіктілердің смартфондары мен басқа құрылғыларындағы камераларды, микрофондарды және геолокация құралдарын қашықтан іске қосу арқылы қашықтан бақылауына мүмкіндік береді. Бұл жайында islam.kz порталы engadget.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Полиция аңду опреациясын сот шешімімен ғана жүзеге асыра алады. Полиция тарапынан аңду операциясына ары кетсе алты айға дейін ғана рұқсат етіледі. Аталмыш заң талабы бойынша. Мұндай шараны тілшілерге, заңгерлерге, т.б. қолдануға қатаң тыйым салынған. Десе де француз билігінің бұл бастамасына құқық қорғаушылар наразылық білдіруде: күдіктілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін қылмыстардың тізімі көрсетілмегенін, яғни, полиция тарапынан жазықсыз жандарға қиянат жасалу қатері барын жоққа шығаруға болмайтынын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат