Мұсылман елі әлемнің бірде-бір елінде жоқ, 20 жыл талқыланған, әйелдер игілігі көзделген заңды ақыры қабылдады
Мұсылман елі әлемнің бірде-бір елінде жоқ, 20 жыл талқыланған, әйелдер игілігі көзделген заңды ақыры қабылдады
2 сағат бұрын 49 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Үй шаруашылығындағы адам арнайы заңмен қорғалмаса, құқығы тапталады: формалды емес әрі реттелмеген экономикада еңбегі қаналады. Бұл жайында islam.kz порталы Radio France Internationale ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Үйдің тірлігі адамның өзі үшін атқаратын шаруасы дейтін ұғымнан арыла бастады әлем. Үй тірлігі көзге көріне бермейтін, өнбейтін, таусылмайтын, қайталана беретін бір сарынды шаруашылық секілді, әйтсе де ол адамның ең негізгі қажеттілігін өтейтін орын ретінде майдан даласынан тасқары тыл қызметін атқарады бірыіғайда. Осындай факторларды ескерген Индонезия парламенті табаны күректей жиырма жылдан аса уақытқа созылған талас-тартыстан кейін заңды кеше қабылдады. Аталмыш заң жобасы алғаш рет 4,2 млн үй қызметкерлерінің құқығын қорғау үшін 2004 жылы қлоғам талқысына ұсынылған еді. Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы аталған елдің еңбек министрлігі келтірген дерекке қарағанда, үй тірлігіндегі адамдардың 90 пайызын әйелдер құрайды. Соған байланысты бұл заң жобасын  бірыңғайда әйелдер құқығын кеңейтумен ұштастыруғаи болады. Билік тарапынан мақұлданған заң талаптарына сәйкес енді үй қызметкерлері кәсіби білім алуға, медициналық қызметті пайдалануға және жұмыссыздық бойынша жәрдемақы алуға құқылы болады. Заң, сондай-ақ, 18 жасқа толмаған жасөспірімдерді үй жұмыскері ретінде жалдауға арнайы тыйым салады - адамдардың үштен бір бөлігі орта мектепті бітіретін елде кеңінен таралған осынау әдетке тыйым салынатын болды. Заңнама ең төменгі жалақыны айқындамайды, есесіне тиісті нормативтік актілерді әзірлеуге оны бұзғандарға арналған айыппұлдарды қоса алғанда 12 айлық мерзім көзделген. Осы орайда үй тірлігіндегі адамдар құқығының өрескел бұзылғаны тіркелген фактілерге келсек,  2021-2024 жылдар аралығында нақты және психологиялық қысым көрсету, экономикалық тұрғыдан пайдалану, яғни, еңбегін қанау, тіпті, адам саудасын қоса алғанда, үй қызметкерлеріне қатысты 3300-ден астам зорлық-зомбылық орын алған.

0 пікір
Мұрағат