Арабтар алға басып барады: цифрландыру аясындағы аса ірі жоба іске қосылды
Арабтар алға басып барады: цифрландыру аясындағы аса ірі жоба іске қосылды
2 жыл бұрын 1422 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Әлем цифрлы дәуірге аяқ басып барады. Көштен қалмау үшін Саудияның денсаулық сақтау министрлігі елде алғышқы виртуалды емхана ашты. Бұл жайында islam.kz порталы Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған араб елінің денсаулық саласын цифрландыру аясындағы бұл жоба ең алдымен ел тұрғындарының уақытын үнемдеу, әуресі көп процедуралардан құтқару үшін қолға алынып отыр. 130 емханаға қосылған SEHA (SVH) виртуалды емхана тек араб елінде немесе тек Таяу шығыс аймағында ғана емес, сонымен қатар, күллі әлем бойынша аса ірі жоба ретінде алға шығады. SVH пациенттері мұндай бірегей жобаның іске қосылуына байланысты ендігі жерде елдің әр түкпіріндегі емханаға барып жатпайды дәрігерге қаралу үшін. Виртуалды емхана жұмысы клиникалық уақытпен (9:00-дан 17:00-ге дейін) шектеліп қалмайды. Пациент бұдан былай екінші және үшінші медициналық қорытындыны бір ғана кеңес беретін орыннан ала алатын болады. Дәрігермен видеоқоңырау арқылы хабарласудан айырмашылығы сонда – SVH пациентке жергілікті емханада нақты уақыт аралығында елдің білікті мамандарымен клиникалық сенасқа қатысуына мүмкіндік бермек. Сенас кезінде өмірлік маңызы зор көрсеткіштермен алмаса алады, бұдан бөлек, тест тапсырып, рентгенге түсе алады әрі онысын желі арқылы мамандарға көрсете алады. SVH 12 негізгі мамандық пен 35-тен аса қосымша мамандықты қамтиды, соның ішінде созылмалы ауруға шалдыққан науқастар үйлерінен шықпай-ақ дәрігерлермен байланыста бола алатын үйдегі стационарда бақыланады.

0 пікір
Мұрағат