Кибершабуыл мақсаты тек пайда табудан тұрмайды...
Кибершабуыл мақсаты тек пайда табудан тұрмайды...
3 жыл бұрын 1273 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Маңызды компьютерлік жүйені бұзу киберкеңістікте жиі орын алатын қылмыс. Киберқарақшылардың «тісі батпайтын» жүйе әлі жасалған емес және бұл жуық арада жасала қоймайды. Адамзат киберкеңістіктегі осындай қауіптің барын әрі кибершабуылға ұшырамайтынына кепілдіктің жоғын біле тұра осы заманғы қолайлы игіліктен бас тарта алмайды. Өткен жылы (2020 ж.) кибер шабуылдан, дәлірегі, компаниялар мен корпорациялардың, үкіметтік ұйымдардың, жекелеген тұлғалардың ІТ-жүйесінің бұзылу салдарынан әлем бойынша 2,5 трлн доллар шығын көрген. Киберқылмыстың өсуіне байланысты жаңа технологиялар - жасанды зерде, 5G пайда болды. Бұл жайында islam.kz порталы түрлі ақпарат көздерінен алынған киберқауіпсіздік деректеріне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Былайғы жұрттың қаперсіздігі мен жеткілікті деңгейде хабардар болмауы да, «кибергигиена» талаптарын (кибершабуылдың салдарынан сақтайтын сенімді құпия сөз, тиісті программаны қолданбауы, т.б. факторлар) сақтамауы да интернет алаяқтарына жем болуына әкеп соқтырып жатады. Бұдан бөлек, жоғары технология мен ІТ индустриясы алыптарының бұл тақырыпты қоғам талқысына салуға қорқады, киберқауіпсіздіктің әлсіздігін жариялауға қорқады бір ғана себеппен – интернет пайдаланатын клиенттерінен айырылып қаламыз ба деген қауіппен шетін тақырыпты айналып өтеді. Мәселен, күн сайын бұқаралық ақпарат құралдарынан күн сайын денсаулық сақтау саласынан қанша медициналық мәліметтердің қолды болғаны туралы ақпарат жарияланып отырса, клиенттер мен пациенттер өз дерегін электронды түрде беруден бірден бас тартар еді. Ал бұл жайт денсаулық сақтау саласының жұмысын ауырлатады, уақыт алады. Бір ғана АҚШ-тың өзінде соңғы үш жылда елдегі барлық медициналық ұйымдардың 90% дерегі ұрланған. Ал Ресейде бұл көрсеткіш,  ІnfoWatch есебіне сәйкес 100 млн жазба қолды болған, яғни, Ресейдегі қолды болған медициналық ұйымдар мәліметі әлемдік көрсеткішке шаққанда 10%-ға жеткен. Сарапшылардың болжамы бойынша адамзат ақпараттық технологияны кибер қарақшылардан немесе хакерлерден қорғайтын сенімді жүйе қалыптастырмай, оны тұтынуды одан ары жалғастыра беретін болса, 2025 жылға қарай киберқылмыстан әлем жылына 10,5 трлн доллар шығын көретін болады. Әр екі секунд сайын кибершабуыл орын алатын болады. Хакерлер де қарап жатпай, зиянды бағдарламаларды жетілдірумен болады. Бүгінгі күннің өзінде әр минут сайын криптовалюта биржасындағы кибершабуылдан, сәйкестендіруші жазбалардың жариялануынан, зиянды бағдарламалардан, т.б. әлем 2,9 млн доллар шығын көріп жатыр. Қибершабуылға ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатысы бар автоматтандандырылған басқару жүйесі жиі ұшрайтын болып жүр. 2021 жылдың алғашқы жарты жылдығында әлем бойынша автоматтандырылған басқару жүйесі компьютерлерінің 33,8%-ы бұғатталып қалған. Хакерлердің кесірінен. Автоматтандырылған басқару жүйесіне мұнай-газ өнеркәсібі, машина құрастыру, энергетика салаларының автоматтандырылған басқару жүйелері жиі шабуылға ұшырайды. Бұдан бөлек, кибер қылмыскерлер өмірлік маңызы зор салаларды, атап айтқанда, сумен қамтамасыз ету, суды тазалау жүйесін, электр желілерін нысанаға алып жатады. Мәселен, 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Korea Hydro and Nuclear Power ядролық-гидроэнергетикалық компаниясы хакерлерден көресіні көрген болатын: хакелер екі ядролық реакторға қатысты жоспар мен оны пайдалану нұсқаулығын әлемеуттік желіге салған, бұдан бөлек 10 мың қызметкердің деректерін де жариялаған. Кибершабуыл тек ақша талап ету, бопсалау мақсатында ғана жасалмайды, бұл – технологиялық соғыс. IT-индустриясы дамыған сайын бұл сала саяси қысым көрсетудің құралына айналған. Бүгінде АҚШ, Ресей, Иран, Қытай хакерлерінің әрекеті осындай мақсатқа құрылғанын байқауға болады. Болжам бойынша 2027 жылға қарай киберқауіпсіздік қызмет нарығының айналымы 403 млрд долларға жетеді.

Қарай отырыңыз:

«Өткен жылы хакерлердің табысы рекордтық деңгейге жеткен» (https://islam.kz/kk/news/alem/otken-jyly-hakerlerdin-tabysy-rekordtyq-dengeige-jetken-15882/#gsc.tab=0);

«Хакерлер биометриялық мәліметтерді қалай ұрлап, қандай арам мақсатына пайдаланады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/hakerler-biometriyalyq-malimetterdi-qalai-urlap-qandai-aram-maqsatyna-paidalanady-15856/#gsc.tab=0);

«Хакерлік шабуылдан адам өлді» (https://islam.kz/kk/news/alem/hakerlik-shabuyldan-adam-oldi-15835/#gsc.tab=0);

«ХХІ ғасыр қарақшыларына қарсы аса қуатты қорғаныш құралы жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/hhi-gasyr-qaraqshylaryna-qarsy-asa-quatty-qorganysh-quraly-jasaldy-15270/#gsc.tab=0);

«Киберқауіпсіздік шығыны артып келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/kiberqauipsizdik-shygyny-artyp-keledi-11668/#gsc.tab=0);

«Виртуалды кеңістіктегі қылмыс бой бермей барады» (https://islam.kz/kk/news/alem/virtualdy-kenistiktegi-qylmys-boi-bermei-barady-9970/#gsc.tab=0)  

0 пікір
Мұрағат