|
Күдіктіні түнде тергеуден бас тартқан ел...
|
Күдіктіні түн мезгілінде тергеуден әрі қолына кісен салу уақытын кемітетінін мәлімдеді. Оңтүстік Корея полиция басқармасының жетекшісі Ким Шхан Рена. Бұл жайында islam.kz порталы KBS ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Корей ішкі істер орган өкілдерінің айтуынша, бұл шара елдегі адам құқығын сақтауда маңызды қадам болып табылады. Түнгі тергеу тек күдіктінің өз өтініші бойынша ғана жүргізілмек. Бұдан бөлек, күдіктінің қашып кетуге бейім тұратыны анықталса, өз-өзіне қол жұмсауға оқталса немесе айналасындағыларға күш қолданса ғана қолына кісен салынады. Негізінде түнгі тергеу тұтқынды азаптау фактісі ретінде бағаланады. Бұл азаптау тәсілі тотолитарлық режим орнаған елдерде де жиі қолданылады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2027 жылдан бастап Мысырға виза рәсімдеу 39 долларға дейін қымбаттайды. Қазақстан азаматтары Индонезияға 30 күнге дейін визасыз бара алады
■
Көрші елде діни тақырыптарды қозғайтын блогерлерге шектеу қойылады
■
Араб елі орман өртегендерді өлім жазасына кесетін заңды қабылдады
■
Қарапайым киім индустриясы биыл жаңа белесті бағындырады
■
Индонезия әлемдік халал нарығындағы 2,6 миллиард доллар құрайтын үлесін ұлғайтуға ұмтылады