Өзбектер қашықтан басқарылатын пулемет құрастырды (видео)
Өзбектер қашықтан басқарылатын пулемет құрастырды (видео)
2 жыл бұрын 2483 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Өзбекстан республикасының қорғаныс өнеркәсібі жөніндегі мемлекеттік комитеті отандық брондалған автокөліктерге арналған, ұашықтан басқарылатын әскери модул жасады. Бұл жайында islam.kz порталы uz.sputniknews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол ірі калибрлі пулеметтен, қадағалаушы электрлі-оптикалық жүйеден, көздеу құрылғысынан тұрады. Қазіргі уақытта аталған қару сынақтан өткізілуде. Аталмыш модул  12,7 калибрлі «Utes» пулеметінің негізінде жасалған. Бұдан бөлек, өзбек мамандары отандық әскери өнім болып табылатын Tarlon ұшқышсыз ұшу аппаратын сынақтан өткізген болатын. Бұл брондалған көлік жеке құрамды (11 адамға дейін) тасымалдауға, әскери күзетке арналған. Қозғалтқышының қуаты 300 аттың күшіне тең, бұған қоса, 360 градусқа дейін бұрыла алатын немесе айналатын танктік пулеметпен жабдықталған. Тас жолмен тоқтаусыз 750 шақырымға дейін артқа тастай алады. Оның брондалу қорғанысының санаты NATO Stanag (3+ деңгейіне) стандартына сәйкес келеді.

0 пікір
Мұрағат