Өткен жылы хакерлердің табысы рекордтық деңгейге жеткен
Өткен жылы хакерлердің табысы рекордтық деңгейге жеткен
3 күн бұрын 264 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесінің есебінше, өткен жылы әлем бойынша кибер қарақшылардың табысы шамамен 400 млн долларға жеткен. Хакерлер өткен жылы бопсалаушы вирустарды көп пайдаланған. Бұл жайында islam.kz порталы Ақ үй сайтына жөн сілтеген lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ал биылдың өзінде, дәлірегі, 2021 жылдың алғашқы тоқсанында хакерлердің табысы 81 млн доллардан асып кеткен. Бүгінде технологиямен шабуыл жасау, технологиямен қарулану, технологиямен қорғану, технологиямен тойтарыс беру, т.б. қалыпты жағдайға айналып келеді. Хакерлер де бұдан тыс емес. Кибер шабуыл жылдан жылға күшейіп келеді, әсіресе, карантиндік шектеу шаралары мен сауда-саттықтың төмендеуі табыс көзін азайтып, экономикалық қысым, бопсалау, тонау, т.б. сипаттағы қылмыстар саны күрт артқан. Осыған байланысты АҚШ билігі кибералаяқтардың инфрақұрылымымен күресті күн тәртібіне шығарып отыр. Осы орайда өткен жылы, мамандардың келтірген дерегіне қарағанда, 20 млрд персоналды мәлімет пен төлем деректері қолды болған. Әлем бойынша 1 120 кибершабуыл орын алған.

Қарай отырыңыз:

«Хакерлер биометриялық мәліметтерді қалай ұрлап, қандай арам мақсатына пайдаланады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/hakerler-biometriyalyq-malimetterdi-qalai-urlap-qandai-aram-maqsatyna-paidalanady-15856/#gsc.tab=0);

«Хакерлік шабуылдан адам өлді» (https://islam.kz/kk/news/alem/hakerlik-shabuyldan-adam-oldi-15835/#gsc.tab=0);

«ХХІ ғасыр қарақшыларына қарсы аса қуатты қорғаныш құралы жасалды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/hhi-gasyr-qaraqshylaryna-qarsy-asa-quatty-qorganysh-quraly-jasaldy-15270/#gsc.tab=0);

«Киберқауіпсіздік шығыны артып келеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/kiberqauipsizdik-shygyny-artyp-keledi-11668/#gsc.tab=0);

«Виртуалды кеңістіктегі қылмыс бой бермей барады» (https://islam.kz/kk/news/alem/virtualdy-kenistiktegi-qylmys-boi-bermei-barady-9970/#gsc.tab=0) 

0 пікір
Мұрағат