Кәрістер шетелде тағам өнеркәсібінен де қыруар пайда тауып жүр
|

Оңтүстік Кореяның Samyang Foods тағам өнеркәсібі өткен жылы бір ғана Buldak раменін (жылдам әзірленетін кеспе) экспорттаудан 1 трлн-нан аса вон (кәрістердің төл ақшасы), яғни, 750 млн доллар табыс тауып, көп пайда көрген. Бұл жайында islam.kz порталы THE CHOSUNILBO ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш компанияның операциялық пайдасының өзі 20%-ға жуықтаған. Операциялық пайда маржасы (кіріске пайыздық арақатынасында операциялық пайда ретінде өлшенеді, бизнестің негізгі көрсеткіштерінің бірі) жоғары деңгейге жеткен. Экспорт «Samyang Foods» компаниясының жалпы кірісінің 77%- ын құрады. Оңтүстік Кореядағы ішкі рамен нарығы керісінше төмендеп келеді. Бұған бірнеше фактор себеп болуда. Айтап айтқанда, халық санының азаюы және денсаулығына жауапкершілікпен қарайтындар қарасының көбеюі тұтынуда организмге аса зияны жоқ ас мәзіріне басымдық бере бастаған. Осыны ескерген Samyang Foods өткен жылы Samsung Electronics-тен (10,9%) жоғары операциялық пайдаға қол жеткізе отырып, халықаралық экспансияға басымдық бере бастады. Осы орайда ашшы болғанымен дәмі тіл үйіретін кәріс тағамына табысы төмен елдерде сұраныс жоғары екенін айта кетпекпіз.




