Кабул – бес жылдан соң сусыз қалатын әлемдегі ең алғашқы ірі қала болайын деп тұр
Кабул – бес жылдан соң сусыз қалатын әлемдегі ең алғашқы ірі қала болайын деп тұр
14 күн бұрын 647 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Ауғанстан астанасы су ресурсы 2030 жылы толық таусылатын әлемдегі ең ірі қалаға айналмақ. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Mercy Corps халықаралық ұйымының баяндамасында келлтірілген дерекке жөн сілтеген The Guardian мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл тараптағы зерттеу нәтижесіне сәйкес соңғы он жылда Кабул қаласындағы жерасты суы 30 метрге төмендеп кеткен. Бұған ең алдымен қала тұрғындары санының артуы мен климат дағдарысы себеп болып отыр. Қазірдің өзінде қалалық құдықтардың шамамен 50%-ы құрғап қалған. Жыл сайынғы су тапшылығы 44 млн текше метрге жеткен – тұтыну деңгейі су қорының табиғи жолмен қалпына келу процесінен асып кеткен. Егер жағдай өзгермесе, енді бірер жылдан соң, дәлірегі, 2030 жылы Кабулдағы су қоры толық таусылады. 7 млн тұрғын сусыз қалады. Бұл жайт көші-қонның артуына әрі жұқпалы аурулардың таралуына ықпал етпек. Бұдан бөлек, Ауғанстандағы жерасты суының 80%-на дейін арықтың суымен, тұзбен, мышякпен ластанған. Ел тұрғындарының 70%-дан астамы су үшін мемлекетке қарыз болып қалған. Кей отбасылар су үшін табысының үштен бірін жұмсауына тура келіп отыр. Кейбір пысықайлар суды сатуды кәсіпке айналдырып алған. Жекеменшік компаниялар жерді бұрғылап, суды көтерме бағасымен сатуда. Назиф есімді Кабул тұрғыны бұрын әр он күнге су үшін 500 ауған ақшасын төлегенін, ал бүгінде қалтасынан 1000 ауған ақшасын төлеуге мәжбүр болып отырғанын жеткізді.

0 пікір
Мұрағат