Жесір әйелдер биліктің бас ауруына айналды
Жесір әйелдер биліктің бас ауруына айналды
8 жыл бұрын 6148

Сауд Арабиясында құрамына діни жетекшілер, қоғам қайраткерлері, жоғарғы оқу орнының ғалымдары, инженерлер кірген бастамашыл топ (бас-аяғы – 100 адам) осы елдің ер-азаматтарына ажырасқан және жесір қалған әйелдерді тоқалдыққа алуға үндеді. Аталған елдің заңы бойынша ажырасқан және жесір қалған әйелдер қайта тұрмысқа шығуға құқылы. Алайда, бар гәп: бұл елдің "тұлымдылары" бұрын күйеуге тимеген "бұрымдыларды" тоқалдыққа алуға құмар болып келеді. «Біз ерлерді азаматынан белгілі бір себептермен айырылып қалған әйелдерді тоқалдыққа алуға шақырамыз. Барлық әйел бақытты болуға құқылы»,- деді осы қауымдастықтың іргетасын қалаған Аталла әл-Абар. Тіпті, бұл қауымдастықтың осы мақсатта ашылған сайты барын да жасырмады. Әйел үстіне баруға келісімін бергендер мен бұрын ажырасқан және жесір қалған әйелдерді тоқалдыққа алуға ниетті ер-азаматтар осы сайттың көмегімен табыса алады. 

0 пікір
Мұрағат