Финляндияда араб тілі мектеп бағдарламасына енгізілді
Финляндияда араб тілі мектеп бағдарламасына енгізілді
8 жыл бұрын 3091

Финляндия білім беру саласында әлем бойынша көш бастап келе жатқан алдыңғы қатарлы санаулы мемлекеттердің бірі. Аталған елде араб тілі мектеп қабырғасында арнайы оқытылатын болды. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми алты тілінің бірі болып табылатын араб тілінің мәртебесін өсіретін жағымды жаңалық. Десе де араб тілі оқу бағдарламасына міндетті пәндердің қатарына кіргенімен оқушылардың таңдау еркі өзіне қалдырылады: арабша әлде қытай тілінің біреуін таңдауға құқылы.  «Біз араб тілін оқу бағдарламасына енгізу туралы өтініштерді ұзақ уақыттан бері алып келеміз. Курсқа тіркеу ісі бірнеше сағаттың ішінде жүзеге асты. 32 орынның бәрі бос емес, тілек білдірушілер әлі де бар»,- деді Хельсинкі қаласындағы лицейлердің бірінің директоры Сирпа Ялканен. Араб тілін оқыту биылдан басталады. Әзіргі бұл жоба тек бірнеше мектепте ғана қолға алынған. Алдағы уақытта, дәлірегі, 5 жылдың ішінде Финляндияның 300 орта білім беру мектебін қамтитын болады. Өйткені, араб тіліне деген сұраныс осы елдің білім беру саласын осындай қадамға итермелеп отыр. 

0 пікір
Мұрағат