Жасы 80-нен асқандардың саусақ ізін сақтаудан бас тартады немесе еліміздегі дактилоскопиялық және гендік деректі тіркеу туралы аз-кем мағлұмат
Жасы 80-нен асқандардың саусақ ізін сақтаудан бас тартады немесе еліміздегі дактилоскопиялық және гендік деректі тіркеу туралы аз-кем мағлұмат
3 жыл бұрын 2161 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының ішкі істер министрлігі жасы 80-нен асқан ресейліктердің саусақ іздерін сақтау мерзімін ұзарту жөніндегі заң жобасын әзірлемейтін болды. Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік ТАСС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұрын аталған ведомстваның азаматтардың дактилоскопиялық мәліметтерін жасы 100-ге толғанша сақтайтыны туралы хабарланған еді. Аталған заң жобасы авторлары әу бастағы бұл нормадан бас тартуын жасы 80-нен асқан, яғни, ұзақ жасайтын ресейліктер қарасының көбейіп келе жатқандығымен түсіндірген болды. Соңғы бес жыл ішінде аталған ел аумағында ұзақ ғұмыр сүрушілер қарасы 1 миллион адамнан асып кеткен. Ал еліміздегі жағдайға келсек, осы жылдың (2021 ж.) қаңтар айының 1-нен бастап «Дактилоскопиялық және гендік тіркеу туралы» заң қолданысқа енген болатын. Аталмыш заң азаматтардың және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу мақсатында қабылданды деп айтылған ресми ақпарат көздерінде. Өмірде түрлі жағдай мен жазатайым оқиғалар болып жатады, сол кезде мүрдені (мәселен, өрттен қаза тапқан) тану мүмкін болмаған жағдайды оның ДНҚ-сы негізінде мәйітті тани алады. Я болмаса қылмыскерді анықтау мақсатында бұл тәжірибе қолданылады. Дактилоскопиялық тіркеу дегенде адам қолының папиллярлық өрнегі, яғни, саусақ іздері алынады. Оның папиллярлық өрнегінің электрондық коды биометриялық құжаттары мен жеке бас куәлігінде қамтылады. Жасы 12-ден аспаған балалар бұл процедура міндетті емес. 12-16 жас аралығындағы балалардың дактилоскопиялық мәліметі олардың ата-анасының немесе қамқоршысының келісімімен алынады. Ал 16-дан асқан соң бұл процедура міндетті шара болады. Мына санаттағы азаматтар үшін міндетті: ҚР азаматының төлқұжаты мен жеке бас куәлігін алғысы келетіндерге; азаматтығы жоқ, алайда, ҚР аумағында тұратындарға немесе елімізде тұрақты тұратын шетелдіктерге, босқын мәртебесіне ие болғандарға; т.б. осылай кете береді. Дактилоскопиялық мәліметтер адамның қолы түрлі себеппен (ауру немесе жазатайым оқиғаға байланысты қолдан айырылу) кесілген жағдайда да сақталатын болады. Десе де екі қолы аталмыш процедураға қатысты заң қолданысқа енбей тұрып жоқ болған азаматтар бұл процедурадан босатылады. Ал гендік дерекке (сілекей, қан, т.б.), жоғарыда айтып өткеніміздей, қылмыстың алдын алу, мүрдені тану, қылмыскердің тұлғасын анықтау мақсатында қолға алынатын шаралар жатады. Мәселен, туысы із-түссіз жоғалған азаматтарды табу үшін қолднылуы мүмкін – жағдайға қарай. Еліміздегі гендік деректі сақтау мерзімі 25 жылға шақталған. 

0 пікір
Мұрағат