Жасы 40-тан аспағандарға елден шығуға тыйым салынды
Жасы 40-тан аспағандарға елден шығуға тыйым салынды
6 жыл бұрын 4491 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркіменстан билігі жасы 40-қа толмаған ел азаматтарына елден тысқары шығуға, яғни, шекара асуға тыйым салып отыр. Бұл жайында жергілікті «Радио Азатлык» ақпарат көзі хабар таратты. Туристік виза аштыруға қажетті құжаттар үшін көші-қон қызметіне жүгінген Дашогуз қаласының тұрғындары ойламаған жерден осындай қолдан жасалған тосқауылға тап болып отырған жайы бар. Миграциялық қызметтегі шенділер өздерінің бұл әрекетін тарқатып түсіндіріп беруден бас тартқан жоғары жақтың бұйрығы дегеннен ары аспай. Жасы 40-қа толмағандардың ел аумағынан кетуіне тыйым салынуы ең алдымен жұмысшы күшінің сыртқа ағылуына қойылған тосқауыл. Яғни, жасы 40-қа толмағандардың елден кетуіне тыйым салу күш-қуаты бойында жұмыс істейтін адамдарды тежеп ұстау шарасына айналған. Бұл ақпаратты көші-қон қызметіндегілер не растамады, не тересіке шығармай отыр. Ресми түрде тыйым салынбаса да аталған ел аумағында әлгіндей тыйым күшінде. Өйткені, елдегі экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, бағаның шарықтап өсуі, азық-түлік тапшылығы, еңбек ресурсының сыртқа кетуі, т.б. проблемаларды шешуге түркімен билігі дәрменсіздік танытып отыр. Түркімен билігі бұдан бұрын да жасы 30-ға толмағандардың шетелге шығуына тыйым салған болатын. Олардың қауіпсіздігін желеу етіп. Шетелге кетіп қалмасы үшін бозбалаларды, тіпті, орта мектеп бітірмей жатып әскерге алу оқиғалары кездескен. Бұдан бөлек, түркімен билігі 2012 жылы жүргізілген халық санағының нәтижелерін де жарияламай жасырын, құпия ұстап отыр. IndexMundiPopulationPyramid ақпарат көздері мен Орталық барлау басқармасының бүкіл әлімдік анықтамалығы келтірген дерекке қарағанда, Түркіменстан халқының саны 6 млн-нан аспайды, ал жасы 40-қа толмағандар қарасы екі миллионға да жетпейді. 

0 пікір
Мұрағат