Иран ғалымдары 22 биологиялық дәрі жасап шығарды
Иран ғалымдары 22 биологиялық дәрі жасап шығарды
6 жыл бұрын 2964 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иранның денсаулық сақтау министрінің зерттеу және технология жөніндегі орынбасары Реза Малекзаде ел ғалымдарының 22 биологиялық отандық дәрі жасап шығарғанын мәлімдеді. Бұл дәрі-дәрмектің 97%-ы елдегі науқастардың еміне қолданылатынын да жеткізді. Бұл жайында Fars News ақпарат көзі хабар таратты. Осылай дей келе ол радиомедициналық препараттардың түр-түрін шығару үшін фармацевтикалық өнеркәсіп пен Иранның атом энергетика жөніндегі ұйымымен ынтымақтастық орнатқанын жайып салды. Осы айдың бас кезінде AEOI жетекшісі Әлі Әкбар Салех обырмен сырқаттанатын пациенттерге иондық ем қолдану үшін арнайы емхана құрылысы басталатынын жария еткен болатын. Тегеран қаласы маңындағы Альборз провинциясында орын тебетін аталған емхана құрылысы 2021 жылы аяқталуы тиіс. Жоспар бойынша. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Иран онкологиялық аурулармен күресте мұндай иннлвациялық технологияларды қолданатын әлемдегі алтыншы ел. 

0 пікір
Мұрағат