|
Жас жұбайлар үйлену тойында 225 босқын отбасын тамақтандырды (Фото)
|
Ирактық жас жұбайлар үйлену тойында Бағдад қаласының маңындағы Ғазали елді-мекеніндегі босқындар лагерінде тұрып жатқан 225 отбасын тамақтандырды.

Жұптары жарасқан Мұстафа әл-Суфи есімді 26 жастағы ветеринар мен Алла Малат есімді 24 жастағы биолог осындай қайырымдылығымен көпке ой салып, үлгі көрсетті.

Жас жұбайлар тек азық-түлік әкеліп қана қоймай, киім-кешек пен жамылғы таратты. Бұған қоса, әр балаға 24 шөлмектен сүт таратты.

«Барлық азықты өз қолымызбен тараттық. Егер мұны өзіміз істемесек, біздің көмегіміз тиісті жеріне жетпейді», - деді жас жұбайлар.
Айта кетейік, Ирактың Анбар провинциясынан ИСИМ содырларының лаңынан қашқан мыңдаған адам босқындар лагерінде тұрып жатыр. Жас жұбайлар осы босқындарға қолұшын созды.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еліміздегі сақтандыру компанияларына «ислам терезесін» ашуға рұқсат берілуі мүмкін
■
Бара-бара адам АІ тілін түсінуден қалады – технология өз диалектісін қалыптастырады
■
Орта ғасырдағы парсылар туралы аниме-сериал көрермендерін масаттандарды
■
АІ агенттері бірін-бірі «сыртынан» көрсетіп бере алады – оларға «құпия желі» ашылды
■
Америкалық дәрігерлер өздерін эфтаназия процедурасына тартқаны үшін сотқа жүгінді