Жапонияда минималисттік өмір салтын ұстанушылар көбейіп келеді
Жапонияда минималисттік өмір салтын ұстанушылар көбейіп келеді
8 жыл бұрын 2580 24.kz cherkassy.yoshi-fujiwara.ua Б.Тұрмаханов

Жапонияда минималисттік өмір салтын ұстанушылардың қарасы қалыңдап келеді. Минималистер деп күйкі тірлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті аз ғана затты тұтынып, дүние-мүлікке мүлде құмартпайтын адамдарды атайды. Дүние-мүлікке қырын қарайтын жапондықтар қазір күннен күнге көбейіп келеді. Олар тұрмыста қолданатын заттарынан барынша құтылуға тырысады. Тек қажеттісін ғана қалдырып, қалғанын қиналмай лақтыра салады. Сондай жандардың бірі – Фумио Сасаки. Осыдан екі жыл бұрынғы пәтері мен қазіргі сол үйінің арасы жер мен көктей. Яғни, қаңырап бос тұр. Тіпті, достары «үйің түрмедегі бөлмеге ұқсап қалыпты» деп қалжыңдайды екен. Ал өзі қажетсіз заттардан айырылғанына қуанып, өзін содан жақсы сезінетінін айтады. Фумио Сасаки, баспахана редакторы: - Бұрын заттардың орнын жинастырған кезде көңілім толмайтын. Керісінше, маған бір нәрсе жетіспейтіндей қызық күй кешетінмін. Қазір барыма көңілім толады. Осындай өмір салтын таңдағандардың көбісінде үш шалбар мен екі көйлек ғана бар. Әрине, мұндай әдеттің қазіргі адамдардың арасында кеңінен таралуы сауда жүйелеріне көп шығын әкелетіні сөзсіз. Минималистер болса, дүние жинаудан адам бақытты болмайды деп санайды. Кацуа Тойода, интернет-басылымның редакторы: - Өзгелер секілді менің де заттарым көп болатын. Бірақ, оларды сонша бағалаған кезім есімде жоқ. Қысқасын айтқанда, дүние жинаудан жалықтым. Кейбір адамдар бұл әдет Жапонияға АҚШ-тан, нақтырақ айтсақ, Силикон алқабынан келді деп топшылайды. «Apple» компаниясының басшысы Стив Джобс үнемі қара жиде кисе, «Facebook» компаниясын қалаған Марк Цукерберг ылғи сұр көйлекте жүреді. Ал енді бір адамдар азғантай заттарға қанағат қылу жапондықтарға ежелден тән қасиет деп санайды.

0 пікір
Мұрағат