Жаһандық жылынудан өлім-жітім көрсеткіші артып келеді
Жаһандық жылынудан өлім-жітім көрсеткіші артып келеді
1 сағат бұрын 26 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жаһандық жылыну өткен он жылғы мерзімге қарағанда бүкіл әлем бойынша адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізе бастады. Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде Lancet Countdown ұйымының жыл сайынғы есебінде келтірілген дерекке жөн сілтеген Bloomberg ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар соңғы он жылда адамзаттың денсаулығына төнген ірі қатерлер, соның ішінде  құрғақшылықтар мен жылу толқындарының қарқын ала бастағанын анықтады. Нәтижесінде жаһандық жылынумен байланысты өлім-жітім көрсеткіші 2006-2015 жылдармен салыстырғанда 2016-2023 жылдар аралағында 36 пайызға өскен. Бұл ретте антропогендік жаһандық жылыну 2023 жылы 70 пайыздан астам және 2016-2023 жылдары үш миллионға жуық шығынға әкелді. Сондай-ақ, суға байланысты қауіп-қатер де өсуде. 2025 жылы жер бетінің 52 пайызында кем дегенде бір ай бойы қатты құрғақшылық байқалған - бұл көрсеткіш тарихтағы екінші ең жоғары көрсеткіш болды. 2003 жылдан бастап планета аумағының 80 пайызында климаттың неғұрлым ылғалды немесе неғұрлым жылы жағына қарай өзгеруі байқалады - бұл астық түсіміне, ауызсу қорына және климаттық миграцияға айтарлықтай ықпал етті.

0 пікір
Мұрағат