Израилмен байланысқандарды өлім жазасына кесетін жаңа заң қабылданды
Израилмен байланысқандарды өлім жазасына кесетін жаңа заң қабылданды
2 жыл бұрын 1366 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ирак параменті Израилмен арадағы қарым-қатынасты қалпына келтіруді қылмыс деп танитын заңды қабылдады әрі аталмыш заң талаптарын бұзған тұлғалар өлім жазасына кесіледі немесе өмір бойы бас бостандығынан айырылады. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Сионистік құрылыммен қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруді және орнатуды қылмысқа айналдыру» деп аталатын заң бейсенбі күні 329 орынды қамтитын Ирак парламентінде оны қолдап дауыс берген 275 заң шығарушы тарапынан мақұлданды. Ирак ешқашан Израилді мойындаған емес, Ирак азаматтары мен компаниялары Израилге бара алмайды; екі ел арасында дипломатиялық қатынас жоқ. Аталмыш заң тек осы елдің азаматтары мен компанияларына, мемлекеттік және тәуелсіз мекемелер мен ұйымдарға ғана емес, сонымен қатар, осы ел аумағында жұмыс істейтін шетел азаматтарына да қатысты қолданылады. Аталған заң жобасын АҚШ-пен және Израилмен тығыз қатынас орнатуға түбегейлі қарсы шиғалардың ықпалды діни қызметкері Муктада әл-Садыр ұсынған болатын өткен жылдың қазан айында.

0 пікір
Мұрағат