Израилдік сарбаздар палестиналықтарды күнкөріс көзінен айырып жатыр
Израилдік сарбаздар палестиналықтарды күнкөріс көзінен айырып жатыр
20 күн бұрын 433 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, дүйсенбі күні Израил қауіпсіздік күштері басып алынған Иордан өзенінің батыс жағалауының солтүстігіндегі палестиналық Карауат Бани Хасан ауылында 2000-ға жуық зәйтүн ағашын түп-тамырымен қопара жұлып жойған. Бұл жайында islam.kz порталы golosislama.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Карауат Бани Хасанның басшысы Ыбырайым Ассы израилдік сарбаздардың әл-Ауарид аймағына шабуыл жасап, оны жабық әскери аймақ деп жариялағанын және бес сағаттан астам уақытқа созылған операцияда шамамен 300 дунам (шамамен 3 шаршы шақырым) аумақты булдозермен сүруге кіріскенін ашына жеткізді. Израилдік сарбаздар тас дауалдарды қиратып қоймай, қасақана зәйтүн ағаштарының көшеттеріне, жүзім және жаңғақ ағаштарына химиялық заттар мен пестицидтер шашқаны да белгілі болып отыр. Осы орайда израилдік сарбаздардың 2021 жылдың қаңтар айында Дәйір-Баллут қаласындағы 3000 ағашты жұлып тастағанын да айта кету керек. Осылайша палестиналықтарды атажұртынан бездіру операциясы жүйелі сипат алып келеді. Қазан айынан қарашаға дейін созылатын зәйтүн жинау маусымы басып алынған Иордан өзенінің батыс жағалаудағы 80 000-100 000 палестиналық отбасының негізгі кәсібі, дәлірегі, күнкөріс көзі болып табылады.

0 пікір
Мұрағат