Халқының көптігі жағынан алғашқы он ел аталды
Халқының көптігі жағынан алғашқы он ел аталды
1 жыл бұрын 1209 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

2050 жылға қарай халық саны бойынша алғашқы ондыққа Үндістан, Қытай, АҚШ, Нигерия, Пәкістан, Индонезия, Бразилия, Бангладеш, Конго және Эфиопия кіреді. Бұл жайында islam.kz порталы Біріккен Ұлттар Ұйымының демографиялық шолуына сілтеме жасай отырып мәлім еттеді. Сонымен бірге, 2030 жылға қарай Үндістан тұрғындарының саны бойынша Қытайды басып озып, бірінші орынға шығады, дәлірегі, туу деңгейінің төмен болуына байланысты халықтың қартаюы артып келеді, демек, шамамен 50 жылдан кейін Қытайдағы халық саны миллиардқа жетпеуі мүмкін. Ал бүгінде халқының саны бойынша әлемдегі алғашқы ондыққа кіретін Ресей Федерациясы керісінше бұл тізімнен шығып қалады, дәлірегі, тұрғындарының қарасы 2050 жылға дейін 110 млн деңгейіне түседі. Осы орайда таяуда әлем халқының саны 8 млрд адамға жеткенін айта кету керек. 2022 жылы ең көп қоныстанған аймақтар Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия болып табылады, олардың үлесіне 2,3 миллиард адам, яғни, әлем халқының 29 пайызы және Орталық және Оңтүстік Азия 2,1 миллиард (26 пайыз) кіреді.

0 пікір
Мұрағат