|
Израил бірегей қаруға ие болды (видео)
|
Израил ғалымдары қымбатқа шығатын зымырандарсыз және нысандарды нақты жоймастан дрондарды істен шығаруға қабілетті бірегей жүйені ойлап тапты. Бұл жайында islam.kz порталы Сursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Израилдің аэроғарыш өнеркәсібі (IAI) жаппай шабуылға қарсы тұруға арналған Hypnosis («Гипноз») радиоэлектрондық күрестің жаңа кешенін ұсынды. Қондырғы елдiң әуе шабуылына қарсы қорғанысының көп деңгейлi жүйесiнiң жаңа элементiне айналуға тиiс. Әуе қорғаныс құралдарына қарағанда жаңа кешен зымырандармен әуе нысандарын жоймайды. Оның орнына ол пилотсыз спутниктік навигациялы жүйелерге әсер ете отырып, дрон жұмысын электрондық кедергілер және навигациялық сигналдарды ауыстыру технологиялары көмегімен бұза алады. Нәтижесінде дрондар нақты бағдарлау және қойылған міндетті орындау мүмкіндігін жоғалтады. Әзірлеушілердің айтуынша, мұндай жүйе бір мезгілде ондаған немесе жүздеген аппараттар пайдаланылатын жекелеген ұшқышсыз ұшқыштарды аулауға, сондай-ақ, ірі үйірлердің шабуылдарын тойтаруға арналған.