Америкалықтрадың жаңа қаруы бір оқ шығармай қарсыластың әрекетін тоқтата алады
Америкалықтрадың жаңа қаруы бір оқ шығармай қарсыластың әрекетін тоқтата алады
42 минут бұрын 46 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Америка құрама штаттарының ғарыш күштері қарсыластың спутниктік байланысын бұғаттауға мүмкіндік беретін жаңа радиоэлектрондық күрес жүйесін өрістете бастады. Бұл жайында islam.kz порталы Interesting Engineering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ ғарыш күштері жаңа технологиялық құралды - «Медоулендс» жүйесін жұртшылық назарына ұсынды. Бергей жүйе байланысты бұғаттайтын әдеттегі қару-жарақ түрлерінен айырмашылығы - жаудың спуьниктерін нақты жоймайды. Оның орнына ол қарсыластың радиосигналын анықтауға, бұғаттауға және басуға мүмкіндік бере отырып, электромагниттік спектрге әсер етеді. Конструктивті түрде «Медоулендс» мобилді тіркемеде орналасқан антенна тәрелкесі түрінде құрастырылған. Мұндай конфигурация жоғары маневрлікті қамтамасыз етеді: жүйені дұшпанның жер серіктерінің бақылауындағы аймақтарға тікелей әрі жедел орналастыруға мүмкіндік береді. Мұндай технологияның ықпалы мен тиімділігі нақты операциялар барысында тексерілді. Мысалы, «Midnight Hammer» миссиясы кезінде америкалық әскерилер дұшпанның байланыс құралдарын құмықтыру арқылы үнсіздік аймағын орнатуда жетістікке жетті. Ресми мәлімдемелерде «электромагниттік соғыс жүйесінің кері айналатын және қайтып келмейтін мүмкіндіктері электромагниттік спектрдегі майданның көрінбейтін шекарасын одан ары нығайтады» деп айтылған хабарламада.

0 пікір
Мұрағат