Ирандық биотехнолог Мариам Тәжабад Малайзияда беделді Рания сыйлығына ие болды (фото)
Ирандық биотехнолог Мариам Тәжабад Малайзияда беделді Рания сыйлығына ие болды (фото)
7 ай бұрын 690 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Мариам Тәжабад есімді ирандық биотехнолог Малайзиядағы беделді Рания 2024 сыйлығына ие болды. Ғылымдағы жетістігі үшін. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде  IQNA ақпарат агенттігіне жөн сілтеген islamosfera сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Oңтүстік-шығыс Азиядағы мұсылман елінің астанасында – Куала-Лумпур қаласында өткен The Muslim World Rania Award 2024 салтанатты шарасы күллі әлемдегі мұсылман әйелдердің қоғамды дамытудағы еңбегі мен жетістігі паш етіледі. «Рания» сөзінің санскрит тілінен (үнділердің көне тілі) тәржімалағанда «ханым, патшайым» мағынасын береді. Куала-Лумпурдагы «Бүкіл әлемдік мұсылман әйелдер саммиті» деп аталатын, жыл сайын өтетін осынау маңызды шараға Малайзияның премьер-министрінің зайыбы Уан Әзіз Ысмайыл, аталған елдің әйелдер, отбасы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі министр Ненси Шүкірі, Малайзияның мәдениет және туризм министрінің орынбасары, елшілер, т.б қатысты. Малай елі премьер-министрінің зайыбы атап өткендей, бұл шара мұсылман әлеміндегі әйелдердің қалай құрметтелетінін жаһанға паш етеді. Осы орайда атаулы сыйлыққа ие болғандар қатарында Нигерияның, Сенегалдың, Бахрейннің, Біріккен Араб Әмірлігінің, Сингапурдаың және Малайзияның әйел тұлғалары бар екенін айта кетпекпіз. .Профессор Мариам Ыбырайым Тәжабад Теһранда туып-өскен биотехнолог. Оның негізгі сарапшылық салалары – гестациялық қант диабеті, Вильсон ауруы, аналық без кисталары және поликистоздық аналық без синдромы.

0 пікір
Мұрағат