Cаудия студенттерге арналған визаны іске қосты
Cаудия студенттерге арналған визаны іске қосты
2 ай бұрын 456 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Сауд Арабиясының білім беру және сыртқы істер министрлігі бірлесіп, шетелдік студенттер мен ғалымдарға арналған бағдарламаны енгізді. Елдегі жоғары білім беру саласын дамыту мақсатында. Бұл жайында islam.kz порталы Arabian Business ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Визаның жаңа нұсқаларының қандай мүмкіндік беретіні осы аптада Саудия астанасы - Ер-Рияд қаласында өткен «Адам әлеуетін дамыту бастамасы» (Human Capacity Initiative) конференциясында жарияланды. Бұл тарапта «Study in Saudi Arabia» платформасы іске қосылды. Аталған платформа арқылы Саудияда білім алғысы келетін шетелдік студенттер виза аштыруға өтініш бере алады. Аталмыш сайт, сонымен қатар, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оқу мүмкіндіктерінің тізімдерін, сондай-ақ, Сауд Арабиясының беделді университеттеріндегі академиялық және зерттеу бағдарламаларын ұсынады. Университетке қабылданғаннан кейін студенттер осынау монархиялық елде оқу визасына өтініш беруі керек. Платформаға сәйкес Саудия университеттерінде 100 мыңнан астам шетелдік түлектер мен 170-тен астам елден келген студенттер мен профессорлар білім алуда.

0 пікір
Мұрағат