Иран Ресейді әскери құпияны ашқаны үшін айыптады
Иран Ресейді әскери құпияны ашқаны үшін айыптады
8 жыл бұрын 2847

Иранның Сыртқы істер министрі Хұсейін Деһқан ресейлік әріптесін Иранның Хамадан атындағы әскери әуе күштерінің әуежайын пайдаланғаны туралы ақпаратты жария еткенін сынға алды. Аталмыш базаны пайдаланғаны туралы Иран билігімен келіспей жаһанға жар салғаны Иран тарапынан наразылық тудырды. «Әлбетті, орыстар өздерінің супердержава әрі ықпалды мемлекет ретінде көрсету үшін осы аймақтағы қауіпсіздік саласында белсенді әрекет етіп келеді»,- деді үкіметтік «екінші арнаға» берген сұхбатында министр. «Мұның астарында екі ел қатынасына деген құрметсіздік пен өздерін көрсету жатыр»,- деді сөзін сабақтап. Сондай-ақ, ол дәл қазіргі уақытта Иранда ешқандай шетелдік әскери контингенттің жоғын жеткізді, өйткені, бұл – Иранның конституцияны қайшыс іс. Ал бұл дау тудырған іс, дәлірегі, Иранның әуежайын Ресей қарулы күштерінің пайдамалануы РФ-ның Сирия аумағында әскери операцияларын жалғастыру үшін қажет болғанын да жасырмады. 

0 пікір
Мұрағат