Ирак экономикасын мұнай құтқара алмайды
Ирак экономикасын мұнай құтқара алмайды
6 жыл бұрын 3439 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ирак аз уақыттың ішінде әлемдік мұнай державасы атанып, ОПЕК-тің негізгі ойыншыларының біріне айналса да... биыл, тіпті, мұнай өндіруден Канаданы артқа тастап, мұнай өндіруден төртінші орынға табан тіресе де ел экономикасы оңалар емес. "Саудия санкция салынған Иран мұнайының орнын толтыра ала ма нарықта?" деген сауал төңірегінде сарапшылар бас қатырып жатқанда Ирак мұнайын Азия, еуропа және Жерорта теңізі елдеріне экспорттап жатыр. Осылайша Иранның орнын басып, нарықты мұнаймен қамтамасыз етіп отыр. Ирак қазіргі уақытта тәулігіне 4,78 млн баррел мұнай өндіруде. Бұл жайында аталмыш елдің мұнай министрі Жаббар әл-Луайби мәлім етті. Ол 2019 жылы тәулігіне мұнай өндірісін 5 млн баррелге, ал 2024 жылы 7,5 млн баррелге жеткізетінін мәлімдеді. Десе де Wood Mackenzie консалтингтік фирмасының болжамы басқаша: 2025 жылға қарай Ирактың мұнай өндірісі тәулігіне 6 млн баррелден аспайды. Соған қарамастан Ирак халқы энегрия тапшылығынан құтыла алар емес. Бұдан бөлек, ұлттық экономиканы сауықтыруға әрі жаңа жұмыс орындарын ашуға шетелдік инвесторларды тарта алмай жатқаны бар. "Өндірісті ұлғайтқаны - жақсы жаңалық, алайда, Ирак бұрынғыша өз азаматтарын ауызсумен және электрмен қамтамасыз ете алмай отыр. Соның ішінде, мұнай қоры мол Басрада",- деп жазыпты Bloomberg ақпарат агенттігінің Таяу Шығыс жөніндегі бас экономисі Зиад Дауд. Мұнай өндірісінен өзге экономикалық көрсеткіштері сын көтермейді. Аталған елдің. Бұған қоса, ел ішіндегі саяси жағдай да оңып тұрған жоқ. жартылай дербес күрд аймағы мен орталықтың арасындағы шиеленіс, азшылықты құрайтын сүнниттік жамағаттың маригилдануы (жатсынуы), шиғалардың мемлекеттік қызметке көңілі толмауы, қауіпсіздік, т.б. факторлар инвесторлар тартуда қиындықтар тудыруда. 2016 жылы мұнай бағасы көтерілгенде Ирактың қаржылық жағдайы жақсарғанымен аталған елдің қор нарығы сол жылы 30%-ға құлдырап кетті, оның үстіне, соңғы бес жыл ішінде елден 32 млрд долларға бағаланған шетелдік инвестиция кеткен. Бұған жергілікті бюроктратия мен жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлық себеп болған. Қазіргі уақытта Ирак мұнайын Exxon Mobil, Total, "ЛУКойл" секілді алпауыттар өндіріп жатыр. 

0 пікір
Мұрағат