Иордания Израилден жерін қайтарып алудың қамына кірісті
Иордания Израилден жерін қайтарып алудың қамына кірісті
6 жыл бұрын 2353 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Иордания билігі 1994 жылы Израилге Уәди-Араба бейбіт келісімі аясында жалға берген шекара маңындағы жеріне қатысты келісім-шарттың мерзімін ұзартуға құлықты емес. SalamNews ақпарат көзі "әл-Жазира" телеарнасына сілтеме жасай отырып таратқан хабары мен келтірген дерекке қарағанда, Иордания билігі осыдан ширек ғасыр бұрын Израилге ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға берілген 405 гектар жер телімін қайтарып алудың қамына кіріскен. Ел парламентінің мақұлдауымен. Яғни, иорданиялық депутаттар аталған келісім-шарттың мерзімін ұзартуға қарсылық білдіріп отыр Израилдің палестиналықтарды қуғын-сүргінге салғанына наразылық ретінде. Десе де Израил премьер-министрі Беньямин Нетньяху Иордания билігімен аталған келісім-шарттың мерзімін ұзарту үшін келіссөз жүргізуге бел байлағанын мәлімдеді. 

0 пікір
Мұрағат