|
Ирак аймақтағы шиеленістен 60 млрд долларға жуық қаражатын жоғалтты
|
Ирак Таяу Шығыстағы соғыстың кесірінен 60 млрд долларға тарта қаражатынан айырылды. Энергетикалық әрі стартегиялық маңызы зор Үрміз бұғазының бұғатталуына байланысты. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің сыртқы істер министрі Фуад Хұсейннің мәлімдемесіне жөн сілтеген Arab News ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ОРЕС мүшесі Ирак қарулы қақтығысқа дейін күніне шамамен төрт миллион баррел мұнай өндіріп, негізінен елдің оңтүстігінен Үрміз бұғазы арқылы тәулігіне шамамен 3,5 миллион баррел мұнай экспорттап келген еді. Алайда,, Иранның су жолындағы қысымы Ирактың мұнай өндірістің көп бөлігін тоқтатып, Сирия мен Түркия арқылы шектелген экспортқа - тиісінше жүк көліктері мен құбыр желілері арқылы отын шикізатын тасымалдау нұсқасына қайта оралуына мәжбүр етті. Мұнай экспорты Ирак экономикасының пайызын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты мұнай шикізатын тасымалдау жолының жабылуы Ирак экономикасына ауыр соққы болып тиді. Ирактың валюталық қоры 20 млрд долларға кеміп, тұтыну бағасы күрт өскен. Елді экономикалық дағдарыс жайлады. Аталған елдің орталық банкі өткен аптада үш жаарымнан аса жылдан бері алғаш рет динардың долларға шаққандағы бағамын құлдыратып, төл ақшаны құнсыздандыру шарасына барды. Ирак билігі экономиканы әртараптандыру бағытында жұмыс істеп жатыр - 2037 жылға дейін мұнаймен қатысы жоқ салалардан түсетін табысты 45 пайызға дейін арттыруды алдына мақсат етіп қойды.