|
Емі жоқ, аса қауіпті супер микроорганизм табылды
|
Халықаралық зерттеушілер тобы ашытқы саңырауқұлағының сирек кездесетін қауіпті қоздырғышын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы Nature ғылыми, мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ол саңырауқұлаққа қарсы дәрі-діәрмектің барлық төрт тобына да «бой бермейді», яғни, төзімді. Кенияда пациенттің бойынан панрезистентті (дәрі-дәрмекке мүлдем төзімді) супер саңырауқұлақ табылды. Осылайша әлемдік медицинада құжатталған екінші факті ретінде тіркелді. Candidozyma auris деп аталатын патоген (бұрын Candida auris деп аталатын) алғаш рет Жапонияда 2009 жылы табылған еді, содан кейін ол 60-тан астам елге тараған. Әдеттегі жағдайларда бұл саңырауқұлақ емханада ауыр науқастарды зақымдайды және қан айналымы жүйесінің инвазивті инфекцияларын немесе өлім-жітім көрсеткіші 30% -дан 50% -ға дейін жоғары, хирургиялық пышаққа түскен, яғни, ота жасалған науқастардың өлім қатерін осынша пайызға арттырады. Осы уақытқа дейiн қауiптi штаммдардың көпшiлiгi дәрi-дәрмектердiң негiзгi үш класына ғана төзiмдiлік танытқан, дегенмен, дәрiгерлерге терапия үшiн ең болмағанда бiр резервтiк нұсқа қалдырған еді. Алайда, кениялық үлгі азолдарды, полиендерді және жаңа эхинокандиндерді қоса алғанда, барлық дәрі-дәрмектерге толық төзімді екенін көрсетті. Генетикалық талдау нәтижесі көрсеткендей, кениялық штамм эволюциялық мутацияларға ұшырап, өз бетінше қорғану қабілетін шыңдаған: аталмыш саңырауқұлақ дәрі-дәрмек әсерінен аман қалу үшін өз геномын толығымен көшіруді үйренді, сондай-ақ, аурухана төсегінде, пердесінде және медициналық жабдықтарда айлап тұру қабілетіне ие болды. Кәдімгі дезинфекциялау құралдары патогенді жоя алмайды. Осылайша емхананың өзін жұқпалы індет ошағына айналдырып, науқастар арқылы сау адамдарға таралу қатерін жоғарылатты. Қазіргі уақытта 50 елдің ғалымдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы үшін шұғыл шаралар жоспарын әзірлеу үстінде, соның ішінде клиникаларда саңырауқұлақ инфекциясының таралуына бақылауды күшейтетін, жаңа дәрі-дәрмектерді әзірлеуді жедел қаржыландыруды қамтитын қамтитын іс-шаралар қарастырылып жатыр.