Күншығыс елінің аниме нарығындағы айналым рекорд орнатты
Күншығыс елінің аниме нарығындағы айналым рекорд орнатты
10 минут бұрын 9 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жапонияның аниме нарығындағы айналым 4,45 трлн иенге (28 млрд долларға) жетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Kyodo жаңалықтар агенттігіне жөн сілтеген Report ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Дәлірегі, жапондар аниме өнімдерін шетелге сатудан көл-көсір табысқа кенелген. Жапонияның анимация қауымдастығы келтірген дерекке қарағанда, шетелге сатылған аниме өнімдерінен 2,54 трлн иен пайда көрген екен. Бұл көрсеткіш оның алдындағы жылғыға қарағанда екі еседен асаға өскен. 2024 жылы бұл көрсеткіш 1,8 трлн иенді құраған еді.

Ұқсас материал:

Жапония ерекше «жанрынан» қыруар пайда табатын болады

0 пікір
Мұрағат