Индонезия орман-тоғайды аяусыз отап жатыр
Индонезия орман-тоғайды аяусыз отап жатыр
1 ай бұрын 817 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Үкіметтік емес ұйымдардың баяндамасында келтірілген дерекке сәйкес өткен жылы Индонезия орман-тоғайының 26 мың шаршы шақырымнан аса аумағынан айырылған. Бұл жайында islam.kz порталы South China Morning Post ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Яғни, 2024 жылы оңтүстік-шығыс Азиядағы осынау ел Сингапур аумағынан үш есе асып түсетін орман-тоғайды отаған. Бұған пайдалы қазбалар өндірісін ұлғайту, сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді өзекті мәселелер себеп болған. Яғни, жер қойнауындағы пайдалы қазбалар өндірісін арттыру үшін әрі ауыл шаруашылығы алқаптарын кеңейту үшін орман-тоғайды аяусыз отаған. Auriga Nusantara үкіметтік емес ұйымының жаңа есебіндегі мәліметтерге сенсек, 2024 жылы Индонезия 261 575 гектар немесе 2 615 шаршы шақырым орман-тоғайын жоғалтқан. Бұл көрсеткіш өткен жылғы шығыннан 4 000 гектардан (9 884 акр) артық. Спутниктен түсірілген немесе таспаға тартылған суреттерді талдауға және дала жұмыстарына негізделген есепке сәйкес орман-тоғай шығынының көп бөлігі үкімет жоспарында қарастырылған даму бағдарламалары жүзеге асатын ашық аудандарда болғанын көрсетті.

Вид с воздуха на строящиеся здания в Нусантаре, будущей столице Индонезии, на Восточном Калимантане. Фото: AFP

Picture background

0 пікір
Мұрағат