Христиандар негізін қалаған зайырлы мемлеккет исламофобияға қарсы ұлттық бағдарламасын қабылдайды
Христиандар негізін қалаған зайырлы мемлеккет исламофобияға қарсы ұлттық бағдарламасын қабылдайды
21 сағат бұрын 300 Материалды көшіріп басқанда Islam.kz сайтына гиперсілтеме жасалуы міндетті

Аустралия билігі иисламофобиямен күрес жөніндегі алғашқы ұлттық жоспарын ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталған ел билігінің мұндай қадамға баруына өткен жылдың қыркүйек айындағы арнайы елші Аптап Мәліктің баяндамасындағы сыни тезистер түрткі болды. Аустралияның премьер-министрі Ентон Албанез елдегі мұсылмандарға қарсы әрекеттердің алдын алуға бағытталған іс-шаралар пакетін жариялады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға мемлекет қазынасынан шамамен 42 млн доллар қаржы бөлінді. Бұл қомақты қаражат негізінен мұсылман жамағаты құлшылық ететін орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, жергілікті ғибадат ғимараттарын, мұсылман жамағатын қолдауға, қорғауға жұмсалады. Бұдан бөлек, білім беру саласында белең алған исламофобияға қарсы тұру жөніндегі жұмысшы тобы жасақталады. Бұған қоса, діни және нәсілдік толеранттылықты нығайту мақсатынджа ұлттық оқу бағдарламасы қайта қарастырылады. Аустралияның федералдық полициясы қоғаммен жұмыс істейтін қызметкерлердің штатын кеңейтіп, өшпенділік фактілерін азайту үшін арнайы коммуникациялық портал құрады. Бұған дейін тыйым салынған әсіре топтарға мүше болатындарға қылмыстық жауапкершілік енгізіліп, енді университеттерге исламофобияның алдын алу және оған ден қою талабы да енгізіліп отыр. Бұл ретте үкімет арнайы өкілдің бірнеше негізгі ұсыныстарын ішінара қабылдамады. Атап айтқанда, терроризмге қарсы күрес туралы заңдар қайта қаралмайды және Палестинаға қарсы және Арабияға қарсы нәсілшілдікті тергеу жөнінде арнайы комиссия құрылмайды. Ішкі істер министрі Тони Берк исламофобияның «созылмалы түрде құжатталмайтынын», ал оның салдары «қирататынын» айтты. Ел тарихында тұңғыш рет парламентте мұсылман болған мультикультурализм істері жөніндегі министр Енн Елі үкіметтің исламофобияның бар екенін алғаш рет ресми түрде мойындағанын атап өтті.

0 пікір
Мұрағат