|
ХРИСТИАНДАР МҰСЫЛМАНДАРМЕН ҚОСЫЛЫП БІР АПТА АУЫЗ БЕКІТТІ
|
Ирак елінде тұратын христиан дінінің өкілдері мұсылмандарға қолдау білдіру мақсатында қасиетті Рамазан айының алғашқы аптасын ораза тұтумен өткізді. Олардың бұлай істеуіне халдо-католиктік шіркеу басшысы патриарх Луис Рафаэль І Саконың үндеуі себеп болғанға ұқсайды.
«Христиандар да бұл күндері ауыз бекітіп, Таяу Шығыс пен Иракта бейбітшілік болуын тілеп, дұға жасаулары тиіс. Ораза мен дұғаның әсері қаншалықты екенін христиандар жақсы біледі», - деген болатын ол.
Мұсылман қауымына терең құрметтерін танытқан халдо-католиктік шіркеу жамағаты бұнымен тоқталмай, босқындар үшін 50 мың доллар қаржы да жинап беріп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Еуропа елі діни виза алғысы келетін имамдар мен пасторларға, раввиндерге 7 шартты қамтитын ереже қабылдады
■
Үш жылдан соң жаһандық ислам қаржы индустриясының активтері 10 трлн доллардан асады
■
Қасиетті қалада индонезиялықтардың өз ауылы болады
■
Әлемде алғашқы электр қуатынсыз және адам көмегінсіз жұмыс істейтін ДНҚ-компьютер пайда болды
■
Химиктер айна өмірді табудың алғашқы әдісін ұсынды