АРАҚ-ШАРАП САТАТЫН 500 ДҮКЕНДІ БІРДЕН ЖАУЫП ТАСТАДЫ
АРАҚ-ШАРАП САТАТЫН 500 ДҮКЕНДІ БІРДЕН ЖАУЫП ТАСТАДЫ
8 жыл бұрын 4653 muslim.kz

Үнді елінің Тамиланд штатындағы арақ-шарап сататын 500 дүкеннің жұмысы тоқтатылып отыр. Штат билігінің бұл қадамға баруына соңғы кездері тым жиілеп кеткен зорлық-зомбылық оқиғалары себеп болған. Ауыр қылмыстардың көбісі ащы судың әлегінен болатынын алға тартқан штат билігі арақ-шарап сататын дүкендердің жабылуы алкогольге қарсы күрестің бір саласы ғана дейді. Штаттағы жабылмай қалған басқа сауда орталықтарындағы арақ-шарап саудасының уақыты да айтарлықтай қысқарған. Бұл шектеулерге үнді қоғамы әртүрлі жауап қайтарып, өз наразылықтары мен қолдауларын білдіріп жатыр. Сарапшылар қарсылық танытқандарға алкогольді қатты қажет етсе, көршілес штаттарға барып, алып келулеріне болатындығын айтуда. Ал, тағы бір тобы бұл тыйымдар заңсыз арақ саудасына жол ашатынын айтады.  

0 пікір
Мұрағат