|
ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЫЗЫН МЕМЛЕКЕТ ТӨЛЕМЕК
|
Шаржы эмиратының басшылары жергілікті тұрғындардың жеке қарыздарын өтеп бермекке бел байлап отыр. Осы мақсатта 16 миллион долларды құрайтын арнайы қор құрылған, - деп хабарлайды Islam-today. Қаржылық жағдайға байланысты істі болған немесе басқа да себептермен қарызын төлей алмайтын тұрғындарға осы қор қол ұшын созатын болады. Шаржы эмиратының қарыздарды реттеу комитетінің төрағасы Рашид әл-Шейхтың айтуынша, осы уақытқа дейін эмират басшылығы 100 миллион доллар қаржы бөлген. Ол қаржы 852 адамның қарызын жабуға жетіпті. Аталған шаралар ел тұрғындарының өмірін жақсарту мақсатында жасалып отыр екен. Шаржы эмиратының басшылары осылай деп мәлімдеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жапонияда автокөлік енді автотұрағы бар адамдарға ғана сатылады
■
Ұшатын көлікті енді қарапайым адамдар да сатып ала алады
■
Мұсылман елі вейпке толық тыйым салмақ
■
Қазақстанда ислами инвестициялық АІ агенті пайда болады
■
Өсімдік ақуызы артық салмақпен күресуге көмектесіп қоймай, қартаю процесін тежейді