|
Халал туризмі бойынша елдер рейтингісі жарияланды
|
2026 жылдың маусым айының 20-ы күні Сингапурде өткен жаһандық халал cаяхат (Halal in Travel Global Summit) 6-шы саммитінде Mastercard халықаралық төлем жүйесі мен қаржы корпорациясы және CrescentRating әлемдік халал туризімінің стратегиясын айқындайтын ұйым бірігіп әзірлеген Global Muslim Travel Index (GMTI) рейтингісі жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл жайында islam.kz порталы IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. ACES бағалау жүйесін (қол жеткізу мүмкіндігін, байланысты, орта және қызметтер) пайдаланатын бұл индекс бүкіл әлем бойынша 150 бағытты қамтиды және халал туризмі саласындағы басты бағдар болып саналады. Жарияланған мәліметтерге сәйкес 2025 жылы мұсылман туристерінің саны 196 миллионға жеткен. Бұл көрсеткіш болжам бойынша 2030 жылға қарай жалпы шығыны 310 миллиард доллар болатын 262 миллион саяхатшыға дейін өсуі мүмкін. 2026 жылғы рейтингте Малайзия 83 ұпаймен он бірінші жыл қатарынан бірінші орыннан көрінген, ал Индонезия рекордтық 79 ұпаймен екінші орынға көтеріліп, Сауд Арабиясымен және Түркиямен бір қатарға шықты. Индонезия туризм министрлігінің өкілдері бұл прогресті мұсылман саяхатшыларының қажеттіліктеріне бағытталған барлық инфрақұрылымды дамытуға негіз болған халал сертификаттауды нығайту жөніндегі дәйекті жұмыстармен байланыстырды. Ислам ынтымақтастығы ұйымына кірмейтін елдер арасында халал туризмі бойынша Сингапур көш бастаған, одан кейінгі орындарға Гонконг жайғасқан, ал үшінші орынға Тайуан мен Ұлыбритания табан тіреген. Сондай-ақ, рейтингте 2019 жылы мұсылман саяхатшыларының 90% -ға жуығы 30 елден келгендігі, ал 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш 77% -ға дейін төмендегені атап өтілген - мұндай өзгеріс нарықтың әртараптандырылғанын көрсетеді.