Ford жұмысқа жаяу барып-келетін Джеймс Робертсонға автокөлік тарту етті
Ford жұмысқа жаяу барып-келетін Джеймс Робертсонға автокөлік тарту етті
9 жыл бұрын 4167

Детройт қаласының 56 жастағы тұрғыны Джеймс Робертсон жұмысына жету үшін күніне 30 шақырымнан аса қашықтықты жаяу артқа тастауына тура келетін. Жұмыстан қайтқанда да осынша қашықтықты жаяу жүріп өтеді. Тек қоғамдық көлікпен болмашы жер ғана жүреді. Ары қарай автобус қатынамайды. Онымен көршілес тұратын ұжымдасы да жоқ екен. Сонда жұмысқа баруы бар, қайтуы бар, барлығы –70 шақырымдай жолға шамамен 12 сағат уақыты кетеді екен. Оның бұл халі АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көргеннен кейін ұлттық қаһарманға айналып шыға келді. Оның басындағы жағдай америкалықтардың жан-дүниесін қозғап, көптеп жылу жинап берді, ал әлемге әйгілі Ford компаниясы оған автокөлік тарту етті. Джеймс Робертсон Детройт маңындағы зауытта жұмыс істейді. Сағатына 10,5 доллар табыс табады. Осыдан он жыл бұрын бұзылып қалған, 1988 жылы шыққан Honda Accord автокөлігін жөндеуге мұршасы келмей жүрген еді. Жұмысына жаяу қатынап жүрсе де ол зауыттағы озат әрі еңбекқор жұмысшылардың бірі саналады. Ол жұмыс істейтін кәсіпорын директоры Тодд Уилсон Detroit Free Press тілшісіне берген сұхбатында оны үлгі ете сөйледі. 

 Мынау Джеймстің күнде барып-келетін жолының сызбасы

Осынау қоғамның елеусіз бір мүшесінің ешкімге алақан жаймай, тек өз күшіне ғана сүйенгені Детройт университетінің Уэйн Эван Лиди есімді студентін толқытып, краудфаундинг технологиясы арқылы оған жылу жинауға кіріседі. Ары кеткенде «5000 доллар жиналса да қайда жатыр», деген ойды медеу еткен ол 300 000 доллардай қаражат жиналғанын көргенде өз көзіне өзі сенбейді.

Ал, жаңалықтар тарататын әйгілі ABS телеарнасы жаһанға жар салып, Джеймс Робертсонды «Апта адамы» деп жариялады. Бұған қоса, Ford компаниясының дилері оған су жаңа Ford Taurus автокөілігін мінгізді.

1 пікір
Мұрағат