Еуропалық комиссия «Демократияны қорғау пакеті» деп аталатын шетелдік агенттерге қатысты еуропалық мағлұмдама қабылдады
Еуропалық комиссия «Демократияны қорғау пакеті» деп аталатын шетелдік агенттерге қатысты еуропалық мағлұмдама қабылдады
5 ай бұрын 713 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Еуропалық комиссия «Демократияны қорғау пакеті» (PDP) деп аталатын шетелдік агенттерге қатысты еуропалық директиваның жобасын мақұлдады. Аталмыш құжат Еуропа Одағы құрамына кірмейтін мүдделі ұйымдардың өкілдерін шетелден алған төлемдерін көрсете отырып, ЕО-ның ашықтық тізіліміне тіркелуге міндеттейді. Бұл жайында islam.kz порталы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Тіркелу процедурасы «ЕО-да шешім қабылдау үдерістеріне әсер ететін қызметті жүзеге асыратын барлық заңды және жеке тұлғалар үшін», яғни, кез келген лоббилік құрылымдар мен ұйымдар үшін міндетті болады. Дегенмен, Еурокомиссия еуропалық реттеушілерге осы тізілімдегі ақпаратты жалпы еуропалық қоғамнан «қауіпсіздік мақсатында» жабу мүмкіндігін қалдырады. Еурокомиссияның бұл қадамын шетелдік агент туралы заңмен шатастырмауы керек, бұл құжат – демократияны қорғау шарасы. Демократияны қорғау пактісі бойынша шетелдік лоббистке қатысты жиналған барлық ақпарат әрбір шетелдік агент ЕО аумағындағы қызметін тоқтатқан күннен бастап төрт жыл бойы ашықтық тізілімінде сақталмақ.

0 пікір
Мұрағат